Астанада жалпы айналымы 34 млн доллар болатын крипто айырбастау пунктінің заңсыз қызметі әшкере болды. Қазақстандық 3 азамат Астана халықаралық қаржы орталығы алаңынан тыс жерде заңға қайшы әрекетке барған. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардан 342 мың АҚШ доллары және 7 млн теңге тәркіленді. "Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Алдын ала есеп бойынша "Binance" платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада крипто айырбастау пунктінің жұмысы тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172683/)