Кешегі қатты дауыл салдарынан Павлодар облысының 8 ауданында электр қуаты өшіп, 3 мыңнан аса абонент жарықсыз қалды. Қазір 20-дан аса елдімекенде жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал, Шарбақты ауданының Бозұлан, Есілбай, Садықащы және Шошқалы ауылдары жарықтың берілуін әлі күтіп отыр.
Ақылбек Баяхметов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
Шарбақты ауданында ол қиындық болып тұрғаны орианның ішіндегі ауылдар. Қатты желден ағаштар құлап, сымдарды үзген. Қазір 2 бригада, 10 адам, 4 техника жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 наурыз күні түнде ұйытқи соққан желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жеткен. Үш әкімшілік ғимарат, төрт мектеп және үш тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті. Адамдар зардап шеккен жоқ.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда төрт ауылда жарық жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172707/)