Түркияда ақпанда болған жойқын зілзаладан кейін қамауға алынғандар саны 269-ға жетті. Олар дүмпуден құлаған ғимараттардың құрылысына қатысы бар деп танылды. Тағы 200-ден астам адамды тұтқындау туралы ордер берілген. Осы іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы бас прокуратура 1068 тұлғаның сапасыз құрылысқа қатысы барын анықтаған. Соңғы деректерге сай, Түркияның оңтүстігінде ақпанның 6-да болған екі қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңнан асты.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркиядағы зілзаладан кейін 269 адам қамауға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172748/)