Астанада қаржы сауаттылығын арттырғысы келетіндерге арналған «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапта инвестициялаудың қарапайым тәсілдері, ақшаны көбейтудің, қаражатыңызды жоспарлаудың және биржалық сауданың әртүрлі құралдары басылған. Мақсат – қаржылық сауатты арттыру, дейді авторлары. Олар еңбекті жазу барысында 87 инвестициялық кітапты талдағандарын айтты.
Ерқанат Әбени, «Инвестиция әліппесі» кітабы авторларының бірі:
Қазір қор нарығы туралы ақпарат жоқ қазақ тілінде. Орысша, шетел тілінде барлық кітаптар. Содан кейін инфоцыгандар, пирамида деп жатамыз сол қаржылық сауатты көтеру үшін кітап шығардық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада қаржы сауаттылығына қатысты кітап жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172769/)