Таяу Шығыстағы екі қарсылас мемлекет – Сауд Арабиясы мен Иран дипломатиялық байланыстарды қайта жандандыруға уағдаласты. Бұл туралы мәлімдемені олардың өкілдері Қытай астанасы Бейжіңде 4 күнге созылған келіссөздерден кейін жасады.
Әр-Рияд пен Тегеран қатынастары жеті жыл бұрын тоқтады. Бұған Саудияда шиит діни қызметкердің өлім жазасына кесілуі себепші. Бұл оқиғадан кейін, осы корольдіктің Ирандағы елшілігіне шабуыл жасалды.
Иран мен Саудия - аймақтық үстемдікке ұмтылып келе жатқан елдер. Және де олар бүгінде Ливанда, Сирияда, Иракта, Йеменде бір-бірімен соғысушы тараптарды қолдап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иран мен Сауд Арабиясы қайта байланыс орнатпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172797/)