Франция астанасы Париждің көшелері қоқысқа толып жатыр. Қалада мұндай жағдайдың қалыптасуына зейнетақы реформасына қарсы шерулер себеп болған. Президент Эммануэль Макрон үкіметі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке дейін көтеріп жатыр. Сондықтан, миллиондаған адам шеруге шықты. Салдарынан коммуналдық кәсіпорындардың да жұмыс тоқтаған. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, жаппай наразылыққа қарамастан, француз Сенаты даулы заңды қабылдады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Париж көшелері шеруден кейін қоқысқа толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172844/)