Түркістан облысының Сарыағаш қаласында заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегі анықталды. Электронды казиноны 2 адам ашқан. Олардың заңсыз әрекетін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция кезінде әшкереледі. Ойынхана мен күдіктілердің үйін тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешен, техникалық құрылғы, құжат, қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер табылды. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172882/)