![Ақтөбеде қымызмұрындық дәстүрі аталып өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78138.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбеде қазақтың байырғы дәстүрінің бірі - қымызмұрындық тойланды. Бір топ зиялы қауым өкілдері бірлесіп ұйымдастырған игі шарада ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылып, ақшаңқан киіз үйлерде ән мен күй қалықтады.
Негізгі мақсат - ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды жаңғырту және ұлттық тағамдарымызды ұлықтау.
«Көпшілікке арналған түрлі мәдени шаралар мен мерекелерде ұлттық сусынымызды дәріптеу дәстүрге айналуы тиіс», - дейді жиналғандар.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде қымызмұрындық дәстүрі аталып өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17291/)