Солтүстік Корея бүгін аз қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Снаряд елдің үстінен өтіп, шығыс жағалаудағы теңіз суына құлаған. Пхеньянның зымыран сынауына Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың ауқымды әскери жаттығу өткізуі түрткі болды. Солтүстік Корея бұл маневрларды «басып кіруге дайындық» деп қауіптенеді. Өткен аптада мемлекет лидері Ким Чен Ын, ел әскеріне қарсыластардың әрекетіне қарсы тұруға сақадай-сай болуға бұйрық берген.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Кореяда екі баллистикалық зымыран ұшырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172911/)