Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылынан он алты адам тікұшақпен эвакуацияланды. Олардың алтауы бала, екеуі аяғы ауыр әйел. «Қаратөбе-Қоржын» тасжолынан қарғын су шайып кеткендіктен, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Олар Қаратөбе ауданының орталығына жеткізіліп, тума-туыстарының үйін паналады. Қазір Қоржын ауылына қатынас үзілді. Сондай-ақ, облыста тасқынның кесірінен «Подстепное-Фёдоров-Ресей шекарасы» күре жолы жабылды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысында 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172918/)