Батыс аймақтар бүгін Амал мерекесін тойлауда. Маңғыстаулықтар мерекені Қаратаудың ең биік шоқысы – Отпан таудың басында атап өтіп жатыр. Әріптесім Аягөз Оралбайқызы сәні мен салтанаты жарасқан шараның бел ортасында жүр, Аягөз, мереке қалай өтіп жатыр?
Аягөз Оралбайқыз, тілші:
Рахмет, әріптестер, мереке құтты болсын. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып, деп Абай атамыз айтқандай, Маңғыстауда қазір дәл осы көрініс болып жатыр. Жұрт қыстан аман-есен шығып, бір-бірімен қауышқанына қуанып, қол алысып көрісуде. Амал мерекесіне келген адам көп. Шетелден келген ғалымдар да бар.
Маңғыстаулықтар үшін киелі, тарихи жер - Отпан тауда 30 дан аса мәдени және спорттық шара жоспарланған. Ошақ бәйге, қазақ күресі, көкпар, аударыспақ сияқты жарыстар кеше өтті. Сондай-ақ, бірлік пен татулықтың белгісіне айналған "Бірлік" оты жағылды. Ал қазір тазы жүгірту, бүркіт салу және тай жарыс болып жатыр. Содан кейін аламан бәйге болады.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда Амал мерекесі тойланып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172922/)