Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Тағы 5 адам жоғалып кеткен. Оларды іздеу-құтқару операциясы күні-түні жалғасып жатыр. Табиғи апат елдің оңтүстік-шығысындағы бірнеше провинцияда болды. Марқұмдардың көбі - Шанлыурфа тұрғындары. Мұнда жауын-шашын тәуліктік нормадан екі есе көп түскен. Оның үстіне бұл өңірде ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Осы салаға тасқын судан келетін шығынды азайтуға бар күш салынып жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173062/)