Ақтауда дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда дауыс беру басталды

19.03.2023

Маңғыстау облысындағы сайлау учаскелерінде жаңа ғана дауыс беру басталды. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы нөмірі 51-ші сайлау учаскесінен скайп арқылы тікелей байланысқа қосылды. Аягөз, сіз эфирдесіз.

 Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Қайырлы таң, студия, иә дауыс беру басталғанына бес минуттай уақыт болды. Тұрғындар енді-енді келіп жатыр. Бұл маңызды науқан Ұлыстың ұлы күні қарсаңында болғандықтан сайлаушылар ұлттық киім киіп келіп жатыр. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Менің қасымда алғашқы болып дауыс берген тұрғын тұр. Келе жатқан Наурыз мерекеңізбен! Алғаш рет дауыс берген екенсіз, сіз бұл сайлаудан не күтесіз?

Жазира Сақиева,  қала тұрғыны:

Мен елімнің болашағы үшін, өз болашағым үшін дауыс бердім. Біздер Жаңа Қазақстанның жарқын келешегіне сенеміз. Сондықтан мен өз замандастарымды осындай үлкен маңызды шарадан қалыс қалмауы керек деп септеймін.

Дәл осы учаскедегі комиссия құрамында 7 адам жұмыс істейді. Олар алғашқы сайлаушыларды тіркеп, бюллетендерін беріп жатыр. 2 мыңнан астам дауыс беруші бар. Мұнда 19 кандидат тіркелген. Оның 9ы мәжіліс, 4 еуі облыстық, 3еуі қалалық мәслихатқа депутат болуға үміткер. Ал, облыс бойынша 137 кандидат бар. 418 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы. Өңірде барлығы 247 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу