ТМД-ның байқаушылар тобы Астанадағы №110 сайлау учаскесінің ашылуына келді. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан учаске жұмысы мемлекеттік гимнмен басталды. Сайлау учаскесінің қызметкерлерімен тілдесті. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Вагаршак Акобян, ТМД байқаушылары тобының үйлестірушісі:
Ұйымдастыру жұмыстары жоғарғы деңгейде жүргізілген. Қазақстанға келген сайын, елдеріңіздің демократияға нық қадам басқанын байқаймыз. Біздің қорытынды құжатымызда осындай баға беріледі деп сенемін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД байқаушылары сайлау учаскесіне келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173197/)