Еліміздің батыс өңірлерінде дауыс берудің басталғанына бір сағат өтті.
Жандос Темірғали, тілші:
Қазір өңірде 269 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бас-аяғы 2 300-ден астам комиссия мүшесі іске кірісті. 442 кандидат тіркелді. Қазір біз №7 дауыс беру бөлімшесінде тұрмыз. Мұнда 2 300-ге жуық сайлаушы бар. Жалпы өңірде 412 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасай алады.
Өңірдегі өндіріс ошақтары да саяси науқаннан қалыс қалмайды. Ең ірі мұнай кеніші Теңізде 23 000-ға жуық жұмысшы бар. Олар үшін 47 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал, Қашаған кен орнына су көлігі жөнелтіледі.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің батыс өңірлерінде дауыс берудің басталғанына бір сағат өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173198/)