Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Көктемнің ауа райы құбылмалы. Әйтсе де, бүгін Қостанайдың аспан ашық, күн тынық. Таңдау жасауға асыққан көпшілікке ауа райының өзі қабақ танытып тұр. Облыс орталығындағы №857-ші дауыс беру учаскесінде ең белсенді деген азаматтар ерте келіп, таңдауын жасап жатыр. Бұл жерде 2500-ге жуық сайлаушы тіркелген. Ал, жалпы Қостанай облысындағы дауыс беру құқына ие азаматтар саны 550 000-нан асады. Оларға 748 сайлау учаскесі қызмет көрсетуде. Жергілікті саясаттанушы Төлеу Панияз да бүгін өз таңдауын жасады.
Еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтын әр азамат бүгін сайлауға қатысып, өз таңдауын жасайтыны анық. Себебі көпшілік келешектен оң өзгеріс күтеді.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай: Тұрғындар белсенді дауыс беріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173203/)