Сайлаудың әділ өтуін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясы да мұқият бақылап отыр. Таңғы сағат 07:00-ден бастап байқаушылар ұйымның Парламенттік Ассамблеясы делегациясымен бірге дауыс беру процесін қадағалауда. 350-ден астам байқаушы әлеуметтік желілер мен сайлау учаскелерінің жұмысын назарға алған.
Оуэн Мерфи, ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы:
Біздің байқаушылар сағат сайын әр өңірден жедел ақпарат жіберіп жатыр. Сайлау процесін жүйелі түрде қадағалап отырмыз. Сондықтан, ертең сағат 15:00-де ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп, өзіміздің жұмысымыздың алдын ала қорытындысын жариялаймыз.
Әйгерім Таңшолпан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау барысы ЕҚЫҰ байқаушыларының назарында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173264/)