Саяси науқанның өту барысы халықаралық байқаушылардың назарында. Солардың бір тобы – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының өкілдері. Олар Астанадағы сайлау учаскелерін аралап, саяси доданың қалай өтіп жатқанын қадағалап жүр.
Александр Маркевич, ҰҚШҰ Байқаушылар миссиясының үйлестірушісі:
Біз сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрдік. Өзім 5 сайлау учаскесін аралап келе жатырмын. Бәрі дұрыс. Ешқандай заңбұзушылық байқамадым. Жүргізілген реформалармен де таныспын. Сайлауға оң әсер еткені байқалып тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Саяси науқан халықаралық байқаушылардың назарында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173288/)