![Қостанайда «Кәмшат» фильмінің жаңа нұсқасының тұсауы кесілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78157.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанайда «Кәмшат» фильмінің қайта өңделіп, бояуы байытылған түрлі-түсті нұсқасының тұсауы кесілді.
1975 жылы түсірілген туынды Алматы қаласында өңделген.
Деректі фильмде тың игеру жылдары ер-азаматтармен қатар тер төгіп, тракторды тізгіндеген қазақтың қайсар қызы Кәмшат Дөненбаеваның өмірі мен еңбек жолы баяндалған.
Шара барысында алматылық киноөңдеушілер фильмді «Облыстық кино-бейнеқорды сақтау және пайдалану орталығы» өкілдеріне салтанатты түрде табыстады.
Туындыны көпшілікпен бірге Кәмшат Байғазықызының ұл-қыздары мен туыс-туғандары да тамашалады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда «Кәмшат» фильмінің жаңа нұсқасының тұсауы кесілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17331/)