Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтіп жатыр. Депутаттар тек партия атынан сайланбайды. Кандидаттар сайлаудың тағы бір түрі - мажиортарлық жүйемен додаға түсіп жатыр. Осы өзгеріс Парламенттің жаңа форматын қалыптастырады. Саясаттанушы Қарлығаш Жанпейісованың пайымы осындай. Үміткерлердің бақ сынауына жол ашатын жүйе – өңірлердегі белсенді кісілерді көп ішінен тануға, табуға жол ашады. Билік осындай тұлғалардың арқасында жаңарады, кейпі өзгереді,-деп санайды, саясаттанушы.
Қарлығаш Жанпейісова, саясаттанушы:
Біздің елімізде осы әділетті Қазақстан, Жаңа Қазақстанды құру бағытында мемлекеттің жасап жатқан тәжірибесі. Бұл Қазақстанның жаңаруына, саяси институттардың трансформациялана отырып, демократиялануына мүмкіндік беретін тәжірибе ретінде қарастыруға болады.
Нұрбек Бекбау
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173350/)