Еуропадағы қазақстандықтар парламенттік сайлауда ерекше белсенділік танытқан. Жергілікті уақытпен кешкі сағат 8-де сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санады. Бельгиядағы Қазақстан елшілігінде орналасқан №241 сайлау учаскесінде дауыс беруге тіркелген 200-ге жуық қазақстандықтың 60 пайызы өз таңдауын жасаған. Корольдікте оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан жерлестеріміз саяси науқанға белсенді қатысу арқылы елдің өркендеуіне үлес қосудан үмітті.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бельгияда сайлаушылардың 60 пайызы дауыс берген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173413/)