Қазақстанның батысындағы «Қашаған» кен орнынан шығатын мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады. Сынақ ретінде жасалған алғашқы партия аясында танкердің резервуарына 6 900 тонна шикі мұнай тиелген. Ақтау портынан жөнелтілген танкер Әзербайжанның «Сангачал» терминалына тоқтайды. Танкер - Әзербайжанның теңіз көлік флотына тиесілі. Былтыр ғана іске қосылған танкер 7800 тонна жүк көтере алады. Онымен мұнай ғана емес, химиялық өнімдер де тасымалдауға болады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173429/)