Оразаның басталуына 3 күн қалды. Қасиетті ай наурыздың 23-і басталып, 20 сәуір күні аяқталады. Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты қасиетті айда барынша қайырымды болуға шақырды. Оның сөзінше, 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі. Ал биылғы пітір садақасының мөлшері адам басына 535 теңге.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
Кәсіпкер азаматтарды да, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оразаның басталуына 3 күн қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173446/)