Үндістанда коронавирус пен тұмауға шалдыққан науқастардың саны өсті. Ковид бір күнде 1300 адамнан анықталған. Бұл - соңғы 140 күндегі ең үлкен көрсеткіш. Инфекция елдің Махарашатра, Гуджарат, Керала тәрізді 8 штатында белең алған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскендердің саны көп болмағандықтан, үрейге жол бермеу керек. Ал аурудан сақтану, бақылау шараларын күшейту қажет.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173539/)