145 адамнан қызылша ауруы табылды. Оның 75-і зертханада дәлелденді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. Дәлелденген 75 жағдайдың дені 14 жасқа дейінгі балалар. Көбі - екпе алмаған. Дерт вакцинадан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімі бар және екпе алу жасына жетпеген 6 жасқа дейінгі балалар арасында дендеп отыр. Сонымен қатар, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендерден де ауру табылған. Ал профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел аумағында 145 адам қызылша ауруымен тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173611/)