Ақмола облысында жүктемесі сегіз тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Мұндай шара көктемде тасжолдардың бүлінбеуі үшін қолға алынды. Шектеу 1 мамырға дейін енгізілді. Дегенмен, шетелдік тасымалдаушыларға және азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек, құрылыс материалдарын тиеген фургондардың қозғалысына тыйым салынбайды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173615/)