![Алматыда «Құстар фестивалі» атты фарс-комедияның премьерасы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78171.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Құстар фестивалі» атты фарс-комедияның премьерасы өтті.
Жазушы-драматург Дулат Исабековтың бұл қойылымын театрдың актері Сафуан Рысбайұлы сахналады.
Спектакльде адамзат пен қоғам пайда болғаннан бергі теңсіздік, әлділердің әлжуаздарды билеп-төстеуі, соның нәтижесінде туындайтын пендешіліктің адами қасиеттермен тартысы саxна тілінде көркем жеткізілген.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Құстар фестивалі» атты фарс-комедияның премьерасы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17363/)