Биыл қазынадан автожолдарға 30 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Сондай-ақ Атырау мен Орал, Қарағанды мен Жезқазғанның арасына жаңа жол төселеді. Сонымен қатар Ақтөбе-Ұлғайсын тасжолын салу жоспарланып отыр. Жаңа жобалардың жоспарлау жұмыстары басталып кеткен. Комитет төрағасының орынбасары Амангелді Бековтың сөзінше биыл «Талдықорған-Өскемен» және «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады. Ал батыс өңірлерді өзара байланыстыратын Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолы келер жылы пайдалануға берілмек.
Мейрхат Қасымбаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
Былтыр 93 шақырымын бердік. Биылғы жылы тағы да 103 шақырымын ашамыз. Ары қарай жалғастырыла береді. Жол соғу кейде созылып кетіп те жатады. Ол үкімет жағынан ақша бөлуге байланысты.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жолы 2024 жылы пайдалануға беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173650/)