Солтүстік Қазақстандағы шағын өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы аптада су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралар күшейтілген. Жарылыс Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында 2 400 шаршы метрдей аумақты қамтыды. Мұз кептелісінің салдарынан өзен-көлдер арнасынан асуы мүмкін. Ал мұз жару әдісі тасқынның алдын алуға септеседі. Мамандар өңірдегі 85 елді-мекенді су басуы ықтимал деген болжам жасап отыр. Тасқын қаупі жоғары 42 ауыл бақылауға алынды.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-дағы шағын өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173732/)