Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді

31.03.2023

Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді. Сол үшін Мәскеу Пхеньянға ресми делегация жіберейін деп жатыр. Мұны АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады. Сондай-ақ, ол Құрама Штаттар екі мемлекет арасындағы келісімнің қалай жүзеге асып жатқанын жіті қадағалап отыратынын ескертті. Ал Солтүстік Корея осындай мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған еді. Бірқатар бақылаушылардың пікірінше, Батыстың қатаң санкциясына ұшыраған Ресей өзіне аса қажетті қару-жарақты Солтүстік Корея мен Иран тәрізді мемлекеттерден сұрауға мәжбүр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу