Қазақстандық жас пианист Бекзат Рақымов Ресейде Владмир Крайнев атындағы бесінші халықаралық байқаудың бас жеңімпазы атанды. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жарыста 8-22 жас аралығындағы жүздеген музыкант бақ сынаған. Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ музыкалық мектебінің талантты шәкірті кәсіби шеберлерден кем түспеді. Көбінесе ырғақты әуендерді орындайтын жас пианист осылайша гран-при иеленді.
Бекзат Рақымов, пианист:
Бұл байқауға мен қарашадан бастап дайындалып жүрмін. Байқауды маған анам тауып берді. Оқуымды бітірген соң Қазақстанға оралып, балаларға музыканы дамытуға көмектескім келеді.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пианист Бекзат Рақымов халықаралық байқауда Гран-при иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173821/)