Үндістанда ғибадатхананың бетон едені опырылып ондаған адам ғимарат астындағы құдыққа құлап кетті. 35 тұрғын қаза тауып, 18-і жараланған. 12 метр тереңдікте іздеу операциясы жалғасып жатыр. Қайғылы оқиға Мадхья-Прадеш штатының Индоре қаласында болды. Жергілікті ANI телеарнасының хабарлауынша, апат алдында тұрғындар мінәжат жасап отырған. Олар үндінің дәстүрлі «Рам Навами» фестиваліне жиналған. Премьер-министр Нарендра Моди мәлімдеме жасап, «оқыс жағдайға ерекше күйзелгенін» айтты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ғибадатхана 40 жылдай бұрын жабылған құдықтың үстіне салынған екен.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда ғибадатхана құлап, 35 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173836/)