![Сарайшық Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78182.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінде Атырау қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан көне қалашықтың маңынан мұражай салынып, қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдіргерлер сонда қойылған.
Төрт ғасырға жуық уақыт аралығында Сарайшық қаласын 100-ге тарта хан билеген. Олардың жетеуі осы көне шаһарда жерленген. Бүгінде мұражай жанынан олардың рухына арнап кесене тұрғызылған. Айта кету керек, 7 ханның біреуі 1511-1518 жылдары Қазақ хандығын басқарған Қасым хан.
Дәл осы Қасым ханның кезінде Сарайшық Қазақ хандығының астанасы болды. Ол кезде халық саны 1 миллионнан асқан. Ханның 100 мыңнан астам әскері бар еді. Ал, ұзындығы 10, ені 8 шақырымға созылған елордада 250-300 мыңдай халық тұрған.
1996-2009 жылдар аралығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 4 мыңнан аса құнды жәдігер табылып, жергілікті мұражайға қойылды. Бүгінде «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығына жылына 30 мыңға жуық турист келеді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сарайшық Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17385/)