Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу талабы күшейді. Бұл туралы ректор Ерлан Әбіл айтты. Бүгіннен бастап магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша үміткерлерден құжат қабылдау басталды. Бірақ мемлекеттік қызметте 2 және 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Ал академия түлектеріне керісінше жеңілдіктер көбейіп отыр. Енді құжат ұсынған мекемеде жұмыспен өтеу міндеті алынып тасталды. Ал үздік нәтиже көрсеткендер конкурсқа қатыспай-ақ кейбір қызметтерге тағайындала алады.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173924/)