Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан 7 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 15 пайыз үстемақының орнына жұмыртқаға 34, қырыққабатқа 67 пайыз қосқан. Тексеру нәтижесінде жұмыртқа бағасы 600 теңгеден 552 теңгеге, қырыққабат 210 теңгеден 158 теңгеге төмендетілді. Аймақта 5 ірі сауда желісі мен 200-ден астам дүкен иелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке тек 10 пайыз үстемеақы қосуға келісім берген. Сондай-ақ, қазір өнім өндірушілер картоп, пияз және сәбізді гипермаркеттерге тікелей жеткізіп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда әлеуметтік азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173954/)