Астанада «Күн барлығына нұрын төгеді» қайырымдылық концерті өтті. Шара барысында аутизмге шалдыққан жандар мен отандық әртістер, қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары өнер көрсетті. Іс-шараның мақсаты - түрлі диагноздары бар балалар да, қоғамның толыққанды мүшелері екенін жеткізу және аутизмнің ғасыр эпидемиясы болып бара жатқанына қоғам назарын аударту.
Шынар Әжімолдаева, қор құрылтайшысы:
Бұл қайырымдылық концертін 2 сәуір дүниежүзілік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне байланысты биыл біз екінші рет өткізіп жатырмыз. Ерекше балалар жайлы, бойында аутизм бар балалар жайлы қоғам білсе дейміз. Осындай іс-шара арқылы қоғам естіп-біліп ортаға қабылдаса дейміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Күн барлығына нұрын төгеді» қайырымдылық концерті өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/173955/)