Үндістанда қар көшкіні кезінде қаза тапқан туристер полицияның ескертуіне құлақ аспай, тауға көтерілген. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Оқиға Гималайдың танымал Сикким штатында болды. Табиғи апаттан 7 адам қаза тапқан. 30 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Таудан төмен сырғыған қар жолдағы көліктерді басып қалған. Табиғи апат кезінде бұл маңда 150-ден астам адам қар құрсауында қалған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда қар көшкіні кезінде туристер қаза тапқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174012/)