Ақмола облысында құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға Көкшетау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінінің аумағында болған. 29-жастағы жұмысшы кран құлап бара жатқан кезде жерге секіріп үлгерген. Алайда, жедел-жәрдем көлігі жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында кран құлап, бір адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174040/)