Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суы республикалық маңызы бар жолдарды шайып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Рузаевка ауылына жақын жердегі, Көкшетау-Рузаевка тас жолының мен «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 809-шақырымын су басқанын хабарлады. Тасық судың ұзындығы, шамамен, 30-40 метр, биіктігі 6 сантимерге дейін жетеді. Қазір су толған аумақтарға дабыл бағандары орнатылып, жол қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да республикалық маңыздағы жолды су шайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174065/)