Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Дешті Қыпшақ: құпия таңбалар» атты деректі фильм жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Дешті Қыпшақ: құпия таңбалар» атты деректі фильм жарыққа шықты

16.07.2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Дешті Қыпшақ: құпия таңбалар» атты деректі фильм жарыққа шықты

Армения, Италия және Украинада түсірілген, бюджеті 11 миллион теңгені құраған екі сериялы фильмде қыпшақ жазуларының көне жазба ескерткіштері туралы баяндалған.

Бірінші бөлімде қыпшақтармен армяндардың тығыз қарым-қатынастары көрсетілсе, екінші бөлімде Петр шіркеуінің кітапханасында сақталған «Кодекс Куманикус» кітабы туралы тың деректер айтылған. Терең тарихтан сыр шертетін фильм жақын уақытта отандық телеарналардан көрсетілмек.  

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу