Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді. Ақорданың дерегінше, 10-шы сәуір күні Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әзербайжан Президенті Астанаға келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174131/)