Елде бензин мен дизель отынын экспортына тыйым салынғанына қарамастан, оған бағынбай жатқандар көп. Мемлекеттік кірістер комитеті небәрі екі айдың ішінде елден сұйық отынды заңсыз шығарудың 288 дерегін тіркеген. Қазір жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 94 фактісі бойынша, сот кінәлілерге 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Бұдан бөлек, 2 мың 341 литр бензин мен 25 мың 335 литр дизель отынын тәркіленген.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанар-жағар майды заңсыз шығарғандар анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174164/)