Заңсыз митинг ұйымдастырғандар мен оған қатысқандар жазаланады. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осылай деп қазақстандықтарға үндеу жасады. Өйткені әлеуметтік желілерде 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар тарап жатыр. Бас прокуратура мұндай заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысқаны үшін жаза бар екенін ескертті.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау - біздің басты басымдықтарымыз. Осыған байланысты, Бас прокуратура қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан, сондай-ақ оларға жария түрде шақырудан бас тартуға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Заңсыз митингке қатысқандар жазаланады – Бас прокуратура&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174200/)