Алапат зілзалала бола қалған жағдайда не істеу керек? Қазақстанда бұл ретте қатердің алдын алу мақсатындағы шаралар жоқ емес. 10 жыл бұрын Алматыда Қырғызстанмен бірлесіп ашылған орталық бүгінде жұмыс істеп жатыр. Сенат аталған мекеменің жұмысын күшейтуге бағытталған заң жобасын мақұлдады. Бұл орталықта Қазақстан мен Қырғызстаннан 10 адам жұмыс істейді. Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың сөзінше нысанда 1500-ден аса құтқарушы жоғары дайындықтан өткен.
Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары:
Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облысы жақтарда 6 балға дейін жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам бар. Жоспар бойынша жұмысты нақты бекіту үшін біз биыл үлкен республикалық оқу-жаттығу осы биыл күзде Алматыда қыркүйек айына жоспарлап отырмыз. Жалғыз Қазақстандық құтқарушылар ғана емес көрші мемлекеттен де құтқарушылар шақырып.
Асылбек Данияр
