Ұлыбританияда кіші медициналық қызметкерлер 4-күндік ереуіл жариялады. Бұл акцияға ондаған мың дәрігер қатысып жатыр. Олардың билікке қояр негізгі талабы – жалақыны инфляция деңгейіне сәйкес 35 пайызға көтеру. Айтуларынша, соңғы 15 жылда олардың еңбекақысы 26 пайызға құнсызданған. Корольдіктегі медициналық персоналдың жартысы – жас әрі білікті дәрігерлер. Олар жұмысқа шықпаса, алдағы төрт күнде ауруханалар 350 мың адамды қабылдай алмауы мүмкін.
Дегенмен, елдің Денсаулық сақтау министрі Стив Барклей: "айлықты 20 мың фунт стерлингке немесе 25 мың долларға жоғарылату туралы талап - ақылға қонымсыз".
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбританияда медицина қызметкерлері ереуілге шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174328/)