Жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен. Қостанай полицейлері қылмыстық топты әшкерелеп, 5 адамды ұстады. Олар тестілеу жұмысын өткізуді ұтып алған серіктестік қызметкерлері. Адамдардан ақша алып, емтиханнан өтуге жәрдемдескен деген күдік бар. Тіпті кейбір азаматтар оған қатыспай-ақ, тиісті құжатын алған. Құқық қорғаушылардың сөзінше, осылай мыңнан астам адам куәлікке ие болды. Салдарынан аймақта жол апаттары жиілеген көрінеді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескендер ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174420/)