Қазақстанда 10 интернет-алаяқтың жетеуі жазадан құтылып кетеді. Сарапшылардың айтуынша, киберқылмыс Қазақстандағы алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылдан бері елімізде интернет-алаяқтық фактілері азайған. Алайда 2022 жылы интернет алаяқтарға 36 мыңнан астам адам алданып қалған.
2023 жылы киберқылмыс қайтадан өршіген. Қаңтар-ақпан айларында құқық қорғау органдарына онлайн-алаяқтардың арбауына түскен 3 400 адамнан өтініш келіп түскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп.
Райхан Сайранбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Интернет алаяқтарына алданғандар саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174421/)