Жеңісті жолды теннисшілеріміз де жалғастырды. Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан - Польша арасындағы матчта отандастарымыз күзде өтетін жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды.
Бүгінгі алғашқы әрі соңғы кездесуде қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ші ракеткасы Елена Рыбакина, әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты. Екі сетке созылған ойынның есебін Рыбакина өз пайдасына жазды. Еске сала кетсек, кешегі ойында ұлттық құрама тенисшілерді Польшалықтардан 2:0 есебімен басым түскен еді. Рыбакинаның алғашқы матчтағы жеңісі ойын тағдырын шешіп тастады. Есеп 3:0.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теннисшілер Әлем чемпионатының финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174551/)