Бұл Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен кездесуге сол елдегі қазақтар тұтас жиналып, жерлесімізге қолдау көрсеткен сәті. Бокстан орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапондық Кадзуто Такесаконы 8-раундта нокаутпен жеңді. Осылайша, «WBO International» чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Қазақстандық спортшы сәтті сериялармен жойқын шабуылдарға жиі шықты. Жапондық боксшы 8 раундқа дейін жылдам ес жиып, соққыларға қарсы тұра білді. Бұл Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіпқой бокстағы 19-жеңісі.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық белбеуін қорғап қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174552/)