Петропавлда «Челябі-Новосібір» халықаралық трассасын су басып, көлік қозғалысы тоқтатылды.
Кеше облыс орталығында Есіл өзені арнасынан шығып, таси бастады. Бұл – жыл сайын қайталанатын құбылыс. Соңғы тәулікте су деңгейі 15 сантиметрге жоғарылап, тереңдігі әдеттегі нормадан 994 сантиметрге көтерілді. Қауіпті аймақта полиция және төтенше жағдай қызметкерлері күндіз-түні кезекшілік атқаруда. Дәл осы жол қала орталығын Заречный ықшам ауданымен жалғайды. Мамандардың айтуынша су деңгейі тағы 50-60 сантиметрге көтерілсе, жақын маңдағы саяжайлар су астында қалады.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықаралық жолды су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174578/)